Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте шешендер ой таластырды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2020
  • 4015

Шымкентте «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған XVIII Республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Сайыста 36 команда тартысқа түсті. Екі күнге созылған турнирде пікірсайысшылар қоғамдағы өзекті тақырыптар бойынша өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. 2 млн. теңге көлеміндегі жүлде қоры бар, жүлделі орын қазақ лигасы бойынша алматылық «Праймериз» командасына бұйырды. Ал орыс тілінде павлодарлық команда оқ бойы озық шықты. Финалдың тақырыбы - отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Қатысушылар оны азайтудың жолдарын ұсынды.

Өмірзақ НҰРДӘУЛЕТ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ:

Біз финалдық ойында заң жобасына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс тастадық. Ол екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, үшінші тараптың арыз жаза алу мүмкіндігі. Егер жәбірленуші өзі жазуға қорыққан жағдайда оған көршісі , туысы, үшінші дәлелі болған адам оның орнына арыз жазып бере алады.  яғни екінші шешу жолы ол – жазылған арыздың қайтарып кері алынбау мүмкіндігі.

Шараға «Jas Otan» Жастар қанаты мен Республикалық пікірсайыс Федерациясы мұрындық болды. Дода британдық және америкалық форматта өрбіді. Мақсат - белсенді жастар арасында саясаткерлерді, пікірсайыс жүргізе алатын өзіндік көзқарасы қалыптасқан жастарды қолдау.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Меніңше, дебат өте жоғары деңгейде өтті. Өзім де бұрынғы пікірсайысшы ретінде айта аламын, қазіргі жастардың өресі биік. Бұл жастардың қазіргі осы турнирге ұсынып жатқан ойлары мен ұсыныстарын біз міндетті түрде жіті бақылауға алып, осы партияның деңгейінде іске асырамыз деп ойлаймын.

А. Төребекқызы