Русский Сайттың толық нұсқасы

Кеңқияқтағы қыздар төбелесіне қатысты іс тоқтады

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2020
  • 3599

Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ елді мекенінде төбелескен оқушы қыздарға қатысты қылмыстық іс тоқталды.Тәртіп сақшыларының айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандықтан төбелеске қатысқан қыздар қылмыстық жауапкершіліктен босатылып отыр. Алайда, олар үшін ата-аналары жауапқа тартылуы мүмкін. Бұзақылық жасаған қыздардың әке-шешелеріне қатысты, бала тәрбиелеу міндеті орындалмаған деген баппен әкімшілік іс қозғалды. Еске сала кетейін. Қыркүйек айында қазнетті қыздар төбелесі шулатқан. Жантүршігерлік видеода, мектеп жасындағы қыздар бір қызды шаштан сүйреп, аямай сабап жүр. Қоғамдық дау туғаннан кейін полиция "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғаған еді.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Кәмелекетке толмаған қыздардың төбелес фактісі бойынша қылмыстық іс қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жетпеуіне байланысты тоқтатылды, өйткені осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілік ҚР ҚК нормаларына сәйкес 16 жастан басталады. Материал ҚР ӘҚБт К-нің 127 –бабының3 бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуге бөлінді және шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.  


Б. Рахметова