Русский Сайттың толық нұсқасы

Доссор кентінде жиналған нәжіс суы шағын көлшікке айналған

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2020
  • 2051

Жиналған нәжіс суы шағын көлшікке айналды. Оны мал ішеді, ал мал етін адам жейді. Атырау облысы Доссор кентінің тұрғыны арнамызға хабарласып, мәселеге қоғам назарын аударғысы келетінін айтты. Арнамызға жолдаған кадрларға қарап нәжіс жиналған аумақтың қоршалмағанын көруге болады. Көрермен кәріз құбырын тарту жұмысы үшінші жыл жүріп жатқанын айтты.

Ғазиз ҒАБДУЛЛИН, ДОССОР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:


Екі жыл, үш жылдың турасында болды, ешқандай тазалық орнатылған жоқ. Мал, үй жануарлары ішіп жатыр кәріс суын. Қанша рет жергілікті атқарушы органдарға айттық, аудан әкіміне, санврачтарға айттық. Бәрі де көріп отыр, бірақ ешқандай нәтиже жоқ.

Осы мәселе бойынша Атырау облысының Мақат ауданы әкімдігіне хабарластық. Қазір бізбен байланыста әкім орынбасары Сәрсен Болатбек бар. Қайырлы кеш, Сәрсен мырза! Бұл проблеманы қоғам белсенділері біраз жылдан бері көтеріп жүр екен. Нәжіс төгіліп жатқан жер көлшікке айналған. Енді ол жерді қоршап қоюға болмай ма?

Сәрсен БОЛАТБЕК, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАҚАТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Сәлеметсіздер ме?! 2010 жылы қоршалған еді, кейін ұрланды. Енді 2021 жылы аталған алаң бетонмен қоршалатын болады.


Енді ол тек қоршау жұмыстары ғой. Кәріз жүйесін тарту, суды тазарту стансасы жоспарда бар ма?

Сәрсен БОЛАТБЕК, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАҚАТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Доссор кенті бойынша биыл толықтай ішкі жүйелер аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта КОС ғимаратын салуға еліміз бойынша мораторий жарияланған. Сонымен қатар Мақатта қазіргі таңда кәріз суын қабылдайтын құрылғы іске қосылды.

Сәрсен мырза, сіздер осылай созбаққа сала берсеңіздер көлшік үлкен теңізге айналады. Жануарлардан бөлек экологияға тигізер әсері орасан зор. Сондықтан тезірек қимылдап, тиісті жұмысты атқарсаңыздар. Сұхбатыңызға рақмет! Бұл мәселені енді бізде өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә. Өмірзақ