Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда «Дүйсенбілік футбол» кіші турнирі өз мәресіне жетті

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2020
  • 2847

Нұр-Сұлтанда «Дүйсенбілік футбол» кіші турнирі өз мәресіне жетті. 5 өңірде өтіп, 100-ге жуық команда қатысқан жарысты «Jas Otan» Жастар қанаты ұйымдастырды. Қатысушылардың басым бөлігі сауда саласында жұмыс істейтіндер. Жалпы жүлде қоры 600 мың теңге. Спортық шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - жұмысшы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау деді жасотандықтар.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Футбол – ол тек қана спорт емес, сонымен қатар networking. Жастардың арасныдағы байланыс. «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Дүйсенбілік футбол» әлі де өз жалғасын табады. Біз келесі жылы бұл жобаны барлық өңірде іске асырамыз деген ойдамын.

Ә. Өмірзақ