"Алдағы Парламент сайлауы қоғамдық диалогты дамытып, елдегі көппартиялы демократиялық үрдістің ілгерлеуіне септігін тигізеді". Төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деді. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, осы жолғы сайлауда барлық саяси партиялар өз бағдарламаларын таныстырып, халық сеніміне ие бола алады. Әрі әділ бәсекеде бақ сынайды. Айта кетейік, келесі шақырылым жұмысын бастағанға дейін, қазіргі депутаттық корпус- заңнамалық базаны қалыптастыруды жалғастырады.
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Парламент сайлауы біздің еліміз, халқымыз үшін өте маңызды саяси қадам. Алдағы сайлау демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге, еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз.
Ә. Өмірзақ