Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына партиялар қаншалықты дайын?

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2020
  • 2115

Қазақстан коммунистік халық партиясы сайлауға дайын. Партия мүшесі әрі Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров осыны кесіп айтты. Саяси науқанға "Әлеуметтік әділдік" ұранымен қатысатын  коммунистердің басты мақсаты әлеуметте теңсіздікті жою.

Айқын ҚОҢЫР, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҚКХП ТӨРАҒАСЫ:

Біз осы сайлауға қатысамыз. Коммунистерде нақты жоспар бар. Барлық мәселелерді қарайды. Біріншіден, жер туралы мәселе екіншіден, ипотека борышкерлерінің мәселесі. Менің ойымша ең маңыздысы: зейнетақы реформасы.

Ал, Азат Перуашевтің айтуынша, «Ақ жол» партиясы бұл саяси додаға дайындықты 2016 жылы бастап кетіпті. Оның айтуынша, парламенттік оппозиция институты енген жаңа сайлау- келер жылы әділ әрі ашық өтуі тиіс.

АЗАТ ПЕРУАЕШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АҚ ЖОЛ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Парлманттегі және мәслихаттағы біздің депутаттарымыздың жасаған жұмыстары, біздің сайлаушыларымызға ашық қараймыз. Себебі, қандай жағдай болса да, қандай кедергі болса да міндетіміздің абыроймен атқарып келе жатырмыз. Сондықтан "Ақ жол партиясы" осы сайлауға үлкен үмітпен, жобаларменен кірісіп отыр.

А. Данияр