Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада өнеркәсіптік өндіріс көлемі ұлғайды

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2017
  • 2320

Елордада өндіріс көлемі 7,5 пайызға ұлғайды. Бұған индустрияландыру картасы аясында ашылған кәсіпорындар серпін берді. Астананың 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндаған әкім Әсет Исекешев осылай деді. Әсіресе машина жасау мен металлургия салаларында жұмыс қарқын алған. Индустриаландыру картасы жобасының арқасында 24 өндіріс ошағы ашылды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып, өсім 505 миллиард теңгені құраған. Жалпы құны 15 миллиард теңге болатын 110 жоба мақұлданған. Бұл салық көлемінің ұлғаюына әсер етіп, міндетті төлемдер 210 миллиард теңгені құрады.