Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан әкімдігі жергілікті тұрғындарға миллиондаған ақша қарыз

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2020
  • 3726

«Әкімдік жерді мәжбүрлі түрде тартып алып, уәде еткен қаражатты бермей отыр». Түркістан қаласының тұрғындары арнамызға хабарласып, осындай шағым айтты. Шаһар билігі ескі қалаға жаңа ғимараттар салу үшін, суармалары жерлерді тұрғындардың еркінен тыс, мемлекет меншігіне қайтарған. Жердің ақысын өтеп береміз деп уәде берген. Шаруалар әрқайсымызға ең кемі 4 миллион теңгеден қарыз, дейді. Алайда, одан бері 2 жыл өткен. Ақша әлі жоқ.

Темірхан РЫСКЕЛДИЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Суармалы жерлер. Сол жерлерге жоңышқа егіп, жылына 4 мәрте орып алатынбыз. Қазір жерлерді біздің иелігімізден шығарды да, қазір ол жерге 6 этажды 8 этажды тұрғын үйлер салынып кетті. 1 жыл 8 ай деген аз уақыт емес. Хатқа да жауап бермейді. Ақша жоқ. Ақша жоқ деген желеумен келе жатыр.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мән-жайды анықтау үшін түркістандық атқамінерлерге хабарластық. Дәл қазір бізбен тікелей байланысқа қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нариман Қасымбеков шығып отыр. Нариман мырза, қайырлы кеш! Халықтың жерін алып, ақшасын неге қайтармадыңыздар? Неге сонша созып жүрсіздер?

Нариман ҚАСЫМБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Өзіңізге белгілі қазір Түркістан қаласында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде әкімшілік істер орталығында  көпқабатты тұрғын үйлер мен басқа да іскерлік ғимараттар салынып, жоспарланған. Бұл бағытта сол азаматтың өтініші бойынша біздер бағалау жұмыстарын жүргізілген. Мемлекеттік бағалау жұмыстары 4 млн 597 мың есептелген. Ол кісі өз келісімін берген. Бірақ бізде қазіргі таңда қаржы мәселесіне тіреліп тұр.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Нақты қашан шешпексіздер? Соны айтыңызшы.

Нариман ҚАСЫМБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл мәселе бойынша біз бірнеше рет облыс әкімдігінен де сұрадық. Алдағы уақытта, келесі айға біз қаржы бөлінуі керек деп жоспарлап отырмыз. Яғни, қараша айына бөлінсе, біз ол кісілердің бәріне береміз. Қаржыны облыстық бюджет бөледі.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Нариман мырза, біз сізді естідік. Шаруаларға берілген алғашқы уәде орындалмады. Бүгін бұл мәселені біз қайта көтеріп жатырмыз. Қарашада мәселе шешіледі. Өтемақы беріледі дедіңіз. Енді мәселенің біз шешілуін күтейік. Болмаса қарашада біз қайтадан өздеріңізге хабарласып, тікелей эфирде біздің арнамызда бұл мәселені қайтадан көтеретін боламыз. Келістік пе?

Нариман ҚАСЫМБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Хорошо.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Рақмет сұхбатыңызға! Түркістандық шаруаларға тиісті қаражаттары беріледі деп сенейік! Хабарласқан көрермендердің мәселесін біз өз тарапымыздан бақылауға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған жайттар болса, төтенше жағдайдың куәсі болып жатсаңыз - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз. Аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

А. Мүтәлі