Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрама жем өндіруді жылына 2,5 миллион тоннаға арттыру көзделіп отыр

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2017
  • 5464

2021 жылға қарай құрама жем өндіруді жылына 2,5 миллион тоннаға арттыру көзделіп отыр.  Жыл басынан бері 70-ке тарта өндіріс орындары тіркелсе, Елордада алғаш рет мал азығын өндіретін зауыт ашылды. Мұнда құрама жемнің 40-там астам түрі шығарылады. Зауыт бір жыл бұрын мемлекеттен 6 пайызбен 105 млн теңге несие алған. Осы арқылы ісін дөңгелетуді бастаған өндіріс орны 12 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Меделбек Ағыбаев, инженер-технолог:

Комбикорм зауыты сағатына 5 тонна құрама жемді шығарады. Істейтін адамдардың көбісі өз ісінің білетін, өзінің орынындағы адамдар. Біздің шығаратын өнімдердің көбісі Ақмола облысына, одан кейін Қостанай, Павлодар облыстарына кетеді.

Министрліктің мәліметінше, соңғы 5 жылда өнім өндіру көлемі едәуір ұлғайған. Мал және құс шаруашылығында құрама жемді тұтыну жылына 5 млн тоннаны құрайды. Жем-шөп өндіретін зауыттар мал өсірушілер тұтынатын өнімнің 48 пайызын қамтамасыз етуге қауқарлы. Былтыр шаруашылықтарды отандық өнімдермен қамту 20 пайызды құраған. Мал азығын экспорттауды қолға алу мақсатында арпа, сұлы, жүгері дақылдарының алқаптарын ұлғайту қолға алынбақ.