Русский Сайттың толық нұсқасы

Көгілдір отын ауылдың жартысында бар, жартысында жоқ

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2020
  • 3081

Түркістан облысының Темірлан ауылына газ кірген, бірақ барлық көшеге емес. Өркениеттен қағылған тұрғындар шағымдарын айтып, арнамызға хабарласты. Мәселені өздері шешуге тырысып көрген. Бір емес бірнеше рет. Бірақ нәтиже көре алмай келе жатырмыз,- дейді.

Мақсұт МӘМБЕТ, ТЕМІРЛАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Көшенің жартысында газ бар, қалған жартысында жоқ. Мен сол газ жоқ жағында тұрамын. Енді газды болдыру үшін Ордабасы ауданы әкімдігіне жүгіндік. Ол «ҚазТрансГаз Аймақ», оның ішінде «Интергаз Центральная Азияға» хат жолдады. Ол хат ешқандай жауапсыз қалды.

Осы мәселе бойынша Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімдігіне хабарластық. Қазір бізбен байланыста, бөлім басшысы Арман Ысқақов бар. Қайырлы кеш, Арман Рысбайұлы! Шағымданып отырған көрермен ауылдың жартысында газ бар, жартысында жоқ дейді. Тұтастай газбен қамтуға не кедергі келтіріп отыр?

Арман ЫСҚАҚОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

"Интер газ" серіктестігі бұл іспен айналысады. Көгілдір газ тек екі көшеге тартылмай қалды. Бұған індеттің өршуі себеп болған еді. Енді алдағы бір апта көлемінде газды тартып береміз.

Сұхбатыңызға рақмет, Арман Рысбайұлы! Уәдеңізді орындайсыз деп сенейік, ал біз Темірлан ауылы толықтай газбен қамтылғанша мәселені бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә. Өмірзақ