Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі аудандық аурухананың бас дәрігерлері жұмыстан қуылды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2020
  • 2724
Солтүстік Қазақстан облысындағы екі аудандық аурухананың бас дәрігерлері жұмыстан қуылды. Эпидиомологтар Ақжар және Мамлют аудандарындағы емханаларда санитарлық талаптардың сақталмағанын анықтаған. Осының салдарынан 16 медицина қызметкері коронавирусты жұқтырыпты. Жалпы, пандемия кезінде Қызылжар өңірінде 400 медицина қызметкері оронавирусқа шалдыққан.


Нұрлан АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қазір медициналық ұйымдарда аурудан сақтану үшін материалдық-техникалық база жағынан барлық жағдай жасалған. Сондықтан дәрігерлер мен медбикелердің covid-19 вирусын жұқтыруы бұл тікелей бас дәрігердің кінәсі. Осыған байланысты орталық ауруханалардың бас дәрігерлері тәртіптік жауапқа тартылды. Бұның алдында оларда ескерту болған соң, біз бұл кісілермен келісім-шартты мүлдем бұздық.


А. Құрманкин