Нұротандықтар Ақтау қаласындағы мектептердің қысқа дайындығын тексерді. Партиялықтар бұл мониторинг жұмыстарын «Бақытты отбасы» жобасы аясында қолға алыпты. Мақсат - отбасыларға қолдау көрсетіп, балаларға қамқорлық жасау. Сондықтан қыс қаһарына мінбей тұрып, білім ошақтарының жағдайын алдын-ала тексеруді бастап кетті. Дегенмен «Nur Otan» партиясының мүшелері білім ордалары талапқа сай деген қорытынды жасады.
Аят СҮГІРБАЙ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МО ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
Мектептің іші жылы. Кейбір кластар ыстықтан терезелерін ашып отырғанын да көрдік. Дегенмен де ортадан алшақтаған сайын кішкене температураның айырмашылығын біз сезіп отырмыз. Ол енді біріншіден, ауа райының жылылығына байланысты болуы мүмкін.
Е. Карин