Түркістан облысында 40-тан астам мешітті тонаған Қызылорда облысының тумасы ұсталды.
Жеңіл пайда тапқысы келген 25 жастағы күдікті садақа жәшігінің аузын бұзып, ішіндегі ақшаларды уыстап сөмкесіне салып жатқаны бейнекамераға түсіп қалған. Бұл жазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Ұры еш саспайды. Жан-жағына асықпай қарап, кісі аяғы сиреген сәтте арам ойын іске асырып, із жасырып отырған. Полиция оның қырықтан астам ұрлыққа қатысы барын анықтапты. Енді оның басқа қылмыстарға қатыстылығы және шығын көлемі нақтыланбақ.
Сұлтанбек ҮСІПБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлерімен Қызылорда қаласының тұрғыны 1995 жылы туылған азамат Түркістан облысы және Шымкент, Алматы, Тараз қалаларында орналасқан мешіттерден бірнеше ұрлық деректерімен құрықталып, ұсталды.
А. Төребекқызы