Ал, Павлодарда жасотандықтар бір ғасырлық тарихы бар көне жатақхана жағдайымен танысты. Ғимарат негізінде жатақханаға арналмаған. Десе де ол, 2015 жылы "Серпін" бағдарламасы аясында Химия және механика колледжіне беріліпті. 4 қабатты ғимаратқа азды көпті жөндеу жұмыстары жүріп, студенттерге қолайлы жағдай жасалған. Дегенмен бітпей жатқан жұмыстар әл бар. Мысалға ғимараттың есік терезесін ауыстырып, ішінара жөндеу жүргізу керек.
Гүлнәр АМАНЖОЛОВА, ПАВЛОДАР ХИМИЯ ЖӘНЕ МЕХАНИКА КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет емес. Дегенімен бөлмелерге ішінара жұмыстар керек. Биыл электр сымдарын толықтай ауыстырдық. Есік терезелерді ауыстыруда келесі жылға жоспарлап отырмыз.
Ө. Қуанар