Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына 12 миллионға жуық қазақстандық қатысады

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2020
  • 1965

Елде Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға дайындық басталып кетті. Қазірдің өзінде дауыс берушілер мен кандидаттарға сайлау науқанының ережелері түсіндірілуде. Орталық сайлау комиссиясы келтірген дерекке қарағанда төменгі палата сайлауына биыл 12 млнға жуық қазақстандық қатысады. Ал, дауыс берушілер тізімі мемлекеттік деректер базасы негізінде жасалады. Мұны орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтып отыр.

Константин ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сайлау туралы Конституциялық заңда азамат тізімге тек бір рет енгізілуі керек. Әр азамат бір ғана сайлаушылар тізіміне енеді. Сондықтан уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізіміне олар берген өтініш негізінде ғана тіркелуі тиіс.

Ғ.Өтемісов