Русский Сайттың толық нұсқасы

Жасотандықтар "Жастар-Отанға" бағдарламасының тиімді тұстарын саралады

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2020
  • 2354

«Жастар - Отанға!» бағдарламасы бірқатар жобалардың жүзеге асуына негіз болмақ. Алматыда «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері бас қосып, қолға алынған жаңа бағдарламаның тиімді тұстарын саралады. Олар жастарды жұмыспен қамту мәселесін көтерді. Баспана жайын да сөз етті. Осы мәселелерді шешуге ат салысуға ниетті. Сондай-ақ студенттерге берілетін жатақхана мен спорт алаңдарының құрылысы талқыланды. Әрі білім беру сапасы мен кәсіпкерлікке жаңа қадам жасағандарды қолдау қағидалары да назардан тыс қалмады. Аталған мәселелер "Жастар-Отанға" бағдарламасына енгізуді көздеп отыр.

Мәди АХМЕТОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:


Бүгін біз жастармен бірге сол бағдарламада нені тастап кеттік, нені ұмытып кеттік, нені қосу керек, нені алып тастау керек деген іспетті сұрақтар бойынша талқылау жүргізіп жатырмыз. Нетижиесінің барлығы да бағдарламаға енгізілетін болады. Бағдарлама жақын арада Республика бойынша қабылданады.


Ә. Лесбек