Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде жыл соңына дейін мыңнан астам ауылға кең жолақты интернет орнатылмақ

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2020
  • 1994

Елде 4,5 мыңнан астам ауыл кең жолақты интернетке қосылған. Алайда шалғай елді мекендерде ғаламтор желісіне деген тапшылық әлі де байқалуда. Мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін жыл соңына дейін тағы мыңнан астам ауылға интернет орнатылады. Бұл туралы партиялық кураторлық отырысында белгілі болды. Тәлімгер Геннадий Шиповских індет ілмекке алған тұста, кең жолақты ғаламторға көптің қолы жетпей жүргенін жеткізді. Ол жауапты мамандардың жұмысты дер кезінде аяқтауын партия өз бақылауына алатынын атап өтті.

Геннадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Пандемия кезінде шынымен нақты көп өмірлік дүниеміз интернетке байланысты екенін түсіндік. Қаладағы азаматтарға қатты біліне қоймас, бірақ шалғайдағы адамдарға қиыншылық туғызады. Сондықтан бәріне бірдей мүмкіндік жасау керек.

Жиында бұдан бөлек, жастар арасында киберспортты дамыту тетіктері пысықталды. Федерация басшысының айтуынша карантин кезінде спорттың осы түрінен өтетін жарыстарға онлайн қатысушылар 10 есеге артқан. Дегенмен, партиялықтарды ауылды жерлердегі жастардың мұндай мүмкіндіктен құр қалып жатқаны алаңдатады. Федерация жұмысын сынға алған партиялық тәлімгер келер жылы саладағы осы тектес кем-кетікті реттеу қажеттілігін жеткізді.

Ғ. Өтемісов