Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда банк бөлімшесін балғамен тонағандар қолға түсті

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2020
  • 2545

Екінші деңгейлі банктердің бірінің бөлімшесін балғамен тонап кеткен қарақшылар ұсталды. Олар, 35, 34 және 28 жастағы жастар болып шықты. КТМ: Құқық қорғау органдары екі күдіктіні Алматыдан құрықтады. Үшінші күдікті Оралдан ұсталды. Тергеу кезінде, қарақшылардың бірінде аңшылық мылтық болғаны және олардың біреуі, бұрын "алаяқтық" бабымен істі болғаны анықталды. Еске сала кетейін. Осыдан екі апта бұрын Алматыда банк бөлімшесінің бірі тоналған. Қарақшылары терезені балғамен шағып кіріп, 2 млн теңгеге жуық қаражат алып кеткен.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл қылмысты бір-бірімен жақсы дос болып жүрген 3 азам жасады. Алдын ала дайындалған көрінеді. Қолды қылған ақшалар қазіргі таңда тәркілену үстінде. Қылмыстық кодекстің 192-бабының 3-тармағы бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделуде.

Ә. Лесбек