Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі баласын пышақтаған келіншек 6 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2020
  • 2183

Қостанай соты қос сәбиін пышақтап өлтірмек болған жас келіншекті жазаға тартты. Қатігез ана 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Cотта айтылған мәліметтерге қарағанда, 26 жасар келіншек екі баласымен әлеуметтік жатақхананы паналап жүріпті. Осы жылдың сәуір айында ол кенеттен 4 және 2 жастағы туған балаларын пышақтап артынан өзіне қол салған. Шүкір, дәрігерлердің арқасында бәрі аман қалды. Бастапқыда бұл іс, «перзенттерін өлтіруге оқталды» деген айыппен қаралған. Кейіннен сот барысында іс, «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабына ауысыпты. Өз балаларын неге өлтірмек болды? Сотталушы бұл сұрақты жауапсыз қалдырды.

Рамазан КӘКІМБЕКОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қылмыстық кодекстің 106 бабының 2 бөлігі санкциясы 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Сотталушының бұрын жауапқа тартылмағанын ескере отырып сот орташа қауіпсіз қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуге 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
   
Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша қатігез ана маусым айында ата-ана құқығынан айрылған. Туған шешесінен жапа шеккен сәбилер қазір балалар үйінде. Оларды жақын туыстары асырап алмақ ниетте. Тиісті құжаттар рәсімдеп жатыр.

З. Санай