Елдегі мұнай-кен орындарына шетелдіктер иелік етуі мүмкін. Энергетика министрілігі бүгін Атырау облысындағы 10 кен орнын алғаш рет электрондық аукционға шығарды. Қойны қара алтынға толы аумақтарды қазақстандықтармен қатар, шетелдіктер де ғаламтор арқылы ашық сатып ала алады. Ең арзан кен орнының құны - 4 млн АҚШ доллары. Ал инвестицияны қажет ететін Сарайшық учаскесі 57 млн-ға, Забурунье учаскесі 63 млн шетелдік валютаға бағаланыпты.
Асылбек ЖӘКИЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жеке инвестор болсын, қазақстандық немесе шетелдік инвестор болса сатып алады. Өзі бұрғылау жұмыстарын, өндіріс жұмыстарын өзі жүргізеді. 30 шақты арыз түскен шетелдік және Қазақстан инвесторларынан.
Сатып алушылардан да сұраныс түсіп жатыр. Олар аукционға түсу жарнасы - 400 млн теңгені төлеп, түсуде. Қараша айының аяғында құжат тапсыру аяқталады. Ал жыл соңында электронды түрде ашық аукцион өтпек. Айта кетейік, ұйымдастырушылар аукционның ашық өтуін әкімшілік кедергілерді жойып, бесекелестікті арттыруға көмектеседі,- деп отыр.
Б. Надирқызы