Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық дәрігерлер тірі баланы, "өлі туылды" деп құжат толтырып берген

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2020
  • 3659

Астаналық дәрігерлер жаңа туған сәбиді ата-анасымен үйіне жіберіп, ал құжатқа "өлі туылды" деп жазып берген. №2 көпбейінді аурухананың ақ халаттылары қалай қателікке бой алдырды? Бұл аздай науқастың кесерь тілігі асқынып кетіп, қайта ауруханаға түскен. Дәрігерлердің салғыртығы ма? Әлде жауыпсыздығы ма? Сауалдарға әріптесім Асылбек Данияр жауап іздеді.

25 жастағы келіншектің ай-күні толып 21 қазанда қыз баланы кесір тілігі арқылы дүниеге әкеледі. Ана мен бала 5 күннен соң перзентханадан шығарыпты. Ал, құжаттарда "бала өлі туылды" деп толтырып берген.

Темірлан ЫРЫСКЕЛДІҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Жоқ, балам өлі туылған емес қызым үйде күйеуім қарап жатыр деген кезде сіздің выпискаңызда бала өлу туылған деп тұр дейді.

Бірақ мұнымен іс бітпепті. Күйеуінің айтуынша, үйге шығысымен әйелінің жарасы іріңдеген. тіпті дене қызуы 40- градусқа дейін көтеріліп, есінен танып қалғанын айтты.

Темірлан ЫРЫСКЕЛДІҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Былай шыққан кезде қатты ауырып шықты.  Күніге іріңдеп тұрды, күніге өңдеп тұрдық. Өздерінің жұмыстарында тиісі жазасын алу керек. Себебі, жазасын алмайтын болса, ол кейінде қайталанады. Баласын жоғалтып алуы мүмкін дегендей ғой.

Жаңа туылған сәбиге "Томирис" деп есім берген. Ол ана сүтімен емес дәріханадағы қоспамен тамақтануда. Қазір оған нағашы әжесі қарап отыр. Айтуынша, қызы жарасы іріңдей бастаған соң  дәрігерлер барған. Бірақ олар уақытылы көмек көрсетпей, бір-біріне сілтеп жіберген.

Айсұлу ИСАБЕКОВА, ӘЖЕСІ:

Басқа хирургияға барсын деп айтқан. Ол баласын көтеріп біз жоқпыз өзі жүрген. Жолдасы жұмыста болған. А так роддом өздері жауап беру керек сол гинеколог врачтары. Бұларды жаздырмай шығарып жіберген. Ал ішіндегі іріңі мен суы кетіп жатыр мама деді.

Дәрігерлер болса, бізден ағаттық кеткен жоқ деп ақталды. Құжатта жіберілген қателікті мойындап, ата-анасынан кешірім сұрапты.

Ербол ӘУБӘКІРОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ №2 КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ БОСАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Техникалық ахау бойынша"баланың өлі туылды" дегені туралы жазғаны үшін біз басымызбен көтереміз. Отбасынан, әкесінен кешірім сұрады дәрігер. Оған тәртіптік жаза - сөзгіс жарияланды. Ол кісі 6 ай бойы ешқандай премия ала алмайды. Тек қана өзінің айлығына жұмыс істейді.


Дейтұрғанмен қазір жас ананың денсаулығына төнген қауіп сейілген. Ақ халаттылар ішкі ағзаларына ешқандай зиян келмеген деп отыр. Ем-домын әлі жалғастыруда.  

А. Данияр