Батыс Қазақстан облысында шекарашылар мінген жеңіл көлік асфальт төсеуші техникаға соғылды. Осының салдарынан бір адам көз жұмды. Облыстық полиция департаменті көлік жүргізушісінің ішімдік ішкенін хабарлап отыр.
Кәмшат СЕРІКҚЫЗЫ, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Қайғылы оқиға 5 қараша күні сағат түңгі он екілер шамасында Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында болған. Жеңіл көліктің жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болған, ол рөлге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Осы көліктегі жолаушылардың бірі опат болды. Ал жүргізуші түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Кейін көліктегі үш адамның да Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің жауынгерлері екендігі белгілі болды. Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейін гі тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұрлан РАХЫМЖАНОВ, БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Біздің ауылдың адамдары емес. Шекараның қызметкері деп айтып жатыр ғой бәрі де. Оларға звондап менің өзім «Сіздің сотрудниктер ме?» деп мен сұраған жоқпын. Бізге бағынбайтын шекарашылар ғой. Олар территориально да бізге бағынбайды.
Е. Карин