Русский Сайттың толық нұсқасы

Таулы Қарабақтағы қақтығыста Қазақ елі Әзербайжанды қолдап, қару жеткізген жоқ

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2020
  • 2911

"Таулы Қарабақтағы қақтығыста Қазақстан Әзербайжанды қолдап, қару жеткізді", деген ақпарат жалған. Мұны, Үкімет ресми мәлімдеді. Негізі Таулық Қарабақтағы қақтығысқа екі айға жуықтап қалды. Тараптар бір-бірін айыптауын қоятын емес. Әзірбайжан. стратегиялық маңызы жоғары Шушы шаһарын қайтардық, десе Ресми Ереван оны теріске шығарды. Әлішер Өмірзақтың репортажы.

Кеңестік Одақ кезінде басталған бұл теке-тірес әлі күнге шешімін таппады. 30 жыл ішінде екі ел бірнеше рет қарулы қақтығысқа барды. Алайда, компромис табылар емес. Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиев мұны қадап айтты.

Илхам ӘЛИЕВ, ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Армения премьер-министрі Никол Пашинян тұрғанда бейбітшілік орнауы екіталай. Егер Армения өз әскерін Таулы Қарабақтың айналасындағы оккупацияланған аумақтардан шығарса, онда Әзірбайжан армиясы ұрысты дереу тоқтатады.


Илхам Әлиев сондай ақ стратегиялық маңызы жоғары Шушы шаһарының қайтарылғанын хабарлады. Оны бірақ екінші жақ теріске шығарды. Армения бұл қақтығыста көптеген елдерге сенім артып отыр. Соның бірі АҚШ. Армения Үкімет басшысы Никол Пашинян жуырда жаңадан сайланған АҚШ Президенті Джо Байденді жеңісімен құттықтап, Таулы Қарабақты тағы бір есіне салды.

Никол ПАШИНЯН, АРМЕНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
 
Армения АҚШ-тың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобының тең төрағасы ретіндегі Таулы Қарабақ қақтығысын бейбіт жолмен шешудегі рөлін ерекше бағалайды. Президенттікке кандидат ретінде мәселені тек бейбіт жолмен шешу туралы білдірген көзқарасыңызды құптаймын.

Бұл қақтығыста Түркия мен Ресей рөлі жиі аталып жүр. Ресми Анкара, "Әзірбайжан өтінсе болды әскериі көмек береміз", деп ашып айтса. Ресей ұстанымы әр қилы. Мәскеу бірде, "Дипломатиялық шешім", керек дейді, енді бірде "Қақтығыс Армения аумағына ауысқан жағдайда әскери көмек көрсетіміз", дегенді айтады. Бұл дау-дамайда біздің елде аталды. Кейбір ақпарат құралдары жуырда, "Қазақ елі Әзхірбайжанға қару сатты", деген ақпарат таратты. Мұны, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі лезде теріске шығарды.

Мадияр УАҚБАЕВ, ҚР ИИДМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Кейбір интернет сайттарда және әлеуметтік желілерде айтылған мәліметтер шындыққа жанаспайды және еш негізі жоқ. Сонымен қатар 2020 жылы қарашаның 2-сі мен 3-і аралығында Silk Way West Airlines әуекомпаниясы Нұр-Сұлтаннан Бакуге рейс жасаған жоқ.

Таулы Қарабақ қақтығысына екі айға жуықтап қалды. Ресейдің араласуымен бір ақ рет уақытша бейбіт орнаған болды. Оның өзі ұзаққа созылмады. Дипломатиялық келіссөздер туралы тараптар әзірге тіс жаратын емес.

Ә. Өмрзақ