Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда «мұздатқыштағы шақалақ» ісінде жаңа жайттар белгілі болды

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2020
  • 4927

Шақалақтың мәйіті алмастырылған болуы мүмкін. Атырауда өтіп жатқан аты шулы дәрігерлер ісіне қатысты бүгінгі сот отырысында, айыпталушының адвокаты осындай мәлімдеме жасады. Оның бұлай деуіне бірнеше дәлелдеме негіз болған. Мәселен Батыс Қазақстан облысындағы сот-медициналық сараптама институты жасаған қорытындыда: «нәрестенің денесін 11-інші қазанда алып кетті» деп көрсеткен. Алайда қылмыстық іс материалында шақалақты сараптамадан соң 30-ыншы қыркүйекте Атырауға жеткізіліп, сол күні ата-анасына табысталғаны жазылған. Адвокат бұдан өзге  шақалақ мәйіті көрсетілген цифрлар, қылмыстық іс материалындағы нөмірмен сәйкес келмегенін анықтаған. Екінші мәрте Қарағандыда жасалған сараптамалық зерттеуде күмән туғызыпты. Арнамызға эксклюзивті сұхбат берген басты айыпталушы Қуаныш Нысанбаевта осыны айтып отыр.  

Қуаныш НЫСАНБАЕВ, АЙЫПТАЛУШЫ:

Сонда қалай? Кімнің баласын зерттедік? Маған тағылып отырған 14 эпизод бар. 14 эпизодтың ешқайсысымен  жауаптау, менің ойымды, менің түсініктемемді алған жоқ. Осы жерде қаншама куәлар  жауапталды. Ол жерде анықталды. Ол жерде қысымшылық көрсетіліп, арызды өз еркімен емес солардың  айтуымен берілгені анықталды.

Естеріңізге салайық, жаға ұстатарлық бұл жағдай былтыр қыркүйекте жария болды. Атырау перинаталдық орталықтың 35 жастағы экс-басшысы тірі туған шақалақты мұздатқышқа салды деген күдікке ілінді. Тергеу кезінде Қылмыстық Кодекстің 8 бірдей бабымен айып тағылды. Айыпталушы орындығында, бұрыңғы басшыдан бөлек, оның қарамағында жұмыс істеген тағы 4 қызметкері отыр.

Б. Нәдірқызы