Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясының конференциясына қатысатын делегаттар белгілі болды

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2020
  • 2356

«Nur Otan» партиясының аймақтағы филиалдарында барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Мәжіліске сайланатын кандидаттар анықталып жатыр. Соңғы шешім, конференция нәтижесіне қарай белгілі болады. Қатысушы делегаттардың үздігі, көпшіліктің дауыс беруі арқылы анықталады.

Шымкентте праймериздің алғашқы кезеңінен іріктелгендер сынға түсіп жатыр. Мәжіліс депутаттығынан үміткер 8 кандидат өзара пікір-сайыста шағын және орта бизнесті дамыту мәселесін қозғады. Пандемия кезіндегі дәрігерлер жағдайы да кандидаттар назарынан тыс қалмады.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ қ. ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Маған қатты ұнағаны мұғалімдердің мәртебесін көтеру. Үміткерлер ұсынысы менімше мұғалімдер жағдайын жақсартуы тиіс.


Алматылықтар да өз үміткерін іріктеп жатыр. Жетісу аудандық филиалы саяси кеңесінің құрамы өзгерді. Кеңеске қатысқан 70 делегаттың 11-і, қалалық филиалдың 26-шы конференциясына бір ауыздан делегат болып сайланды.

Ерлан ДАВОВ, АЛМАТЫ қ. ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Конференцияда күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды. Біріншісі «Nur Otan» партиясының Жетісу аудандық төрайымын сайлау туралы, Жетісу ауданы филалының саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық 26-шы конференциясына делегаттар сайлау туралы.

Оралда да 24 үміткер бұл сынға сақадай сай тұр. Олар, праймериз сынағынан сүрінбей өткен үміткерлер. Қалалық және облыстық мәслихат депутаттығынан үмітті, кандидаттар арасында білікті ұстаз София Ізмұхамбетова да бар.

Софья ІЗМҰХАМБЕТОВА, ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Саяси додаға бұрын түсіп көрген жоқпын. Бірақ бірнеше жылдан бері осыған қадам жасауды өзім ойланып жүрдім, сондықтан дайындалып келдім деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі күні үздіктердің үздігі, яғни, болашақта халыққа қызмет ететін тұлғалардың мақсат-міндеттері сайысқа түсетін күні деп есептеймін.

Облыстық конференцияға 24 үміткердің 12-сі ғана қатысады. Саяси пікір-сайыс соңынан қай үміткердің Мәжіліске өтетіні белгілі болады.

Е. Карин