Русский Сайттың толық нұсқасы

2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінгеніне қарамастан Павлодарда тас қараңғы

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2020
  • 2235

Ал, Павлодарда қара түнек. Елдегі көрікті шаһарлардың бірінде саусақпен санарлықтай ғана шам бар. Оның өзінде қаңырап бос бағанасы тұр. Осының салдарынан жаяу жүргіншілерді көлік жиі қағып кететін болған. Оған ресми сандар куә. Тек соңғы алты ай ішінде 7 адам жол апатынан мерт болып, 200-ге жуық тұрғын түрлі дене жарақатын алыпты. Тас қараңғыдан Өзгеріс Қуанардың репортажы.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Павлодар көшелері кейінгі күндері қорқыныш алаңына айналды. Бұл қаланың сырты емес, орталық көшелерінің бірі. Жарық мұнда мүлдем жоқ.

Мәшһүр Жүсіп қана емес басқа көшелердің де кешкен күйі осы. "Қараңғы қала", туралы бейне жазба ғаламторда шаш етектен. «JEBE» қоғамдық бірлестігі мүшелері түнгі уақытта орталық көшелерді аралап шығыпты. Нәтижесі, бүкіл елге аян.

ӘУЕСҚОЙ ТҮСІРІЛІМ:


Мынау Бұқар жырау көшесі. Бұрынғы Короленко. Есеналиевтен бастап, Естай көшесіне дейінгі бөлігінде жарықтандыру жүйесі орнатылмаған мүлдем. Бірде-бір шам жоқ бұл жерде. Өздеріңіз көріп тұрғандай мына Қан орталығының ғимараты сыртындағы шамдар ғана жанып тұр.


Күндізгі көрікті шаһар, түнде "үрейлі" алаңға айналатыны жергілікті халықты қынжылтты. Қараңғы батса болды, ел бірінен бірі қорқатын болды. Жаяу жүргіншілер көліктен, ал көлік көлеңкесінен жасқанатын күйге түсті.

БЛИЦ:

- Жарықтандыру өте нашар. Әсіресе, жаңбырлы күндері қараңғыдан жол анық көрінбейді. Біреуді қағып кетеміз бе деп қорқамыз.
- Жаңбыр болған кезде түк көрінбей кетеді жол түгел. Даже алдындағы машина көрінбей қалады. Мына қанша жол апаттары болып жатыр соның кесірінен.


Жола апаты шынымен жиілеп кетті. Әсіресе жауынды күндері жағдайы қиын. Соңғы алты айда 7 адам көлік астына түсіп мерт болған. Бұл, жергілікті полиция таратқан ресми ақпарат.

Бауыржан МАҚАШОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Мына біз тұрған көшеде Катаев көшесінде бір-ақ жағында ғана шамдар орнатылған. Екінші жағына орнатса уже жақсы көрінетін болады жаяу жүргінші де көлік жүргізушілеріне жақсы көрінетін болады.


Әкімдік болса, өзіне шаң жуытатын емес. "Көшеге шам орнату жеке-меншік компанияның еншісінде", дейді атқамінерлер. Оған бюджеттен 1 млрд 700 млн теңге бөлініпті.

Әлібек ОРАЗАЛИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Біз мынау бүкіл шамдарды 23 жылға дейін келісім шартқа отырғанбыз. Бір жағынан Үкімет бір жағынан жеке меншік компания. Сол себептен қазір жеке меншік компаниямен жұмыстар жүргізіледі. Мына перекрестоктар пешеходттардың бәріне қазір шамдарды ауыстырамыз.

"Жанбай қалған шамдарға жауапты емеспіз", дейді жергілікті шенеуніктер. Лампалардың күйіп кетуі заңдылық.  Дегенмен әкімдік өкілі, бұл шамдардың жақында ауысатынын айтып уәде берді. Сөздерінде тұрса, Павлодар алдағы күндері жап-жарық болып шыға келуі тиіс.

Ө. Қуанар