Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2020
  • 2063

Мемлекеттік органдардан ақпарат алу қиын. Тіпті мәслихат отырыстарына қатысудың өзі, ақпарат құралдары үшін оңай болмай тұр. Бұл жайында Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі комиссияның Фейсбук парақшасында өткен онлайн-отырысында сөз болды. Жиынға орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ жиын барысында азаматтарды бюджет қаражатын жұмсауды талқылауға тарту мәселесі де қаралды.

Аида БАЛАЕВА, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Күні кеше Мәжіліс осы мәселені талқылаған болатын. Заңға енгізілген өзгерістер бекітілетін болса біздің министрлік ақпараттың қолжетімді болуын қадағалайтын болады. Барлығы заң шеңберінде болады деген сенімдеміз.

Ә. Өмірзақ