Әке-шешесін ескертпей, күйеуге шығып кеткен 15 жаста ғы қыз бүкіл Орал полициясын аяғынан тік тұрғызды. Қыркүйектің 16-да тіркелген оқиғаның анық-қанығын тәртіп сақшылары бүгін ашып айтып отыр. Келтірілген деректерге қарағанда, 15 жасар мектеп оқушысы қыркүйектің ортасында із-түссіз жоғалып кеткен. Іздеу салып шешесі полицияға арызданыпты. Ақыры тәртіп сақшылары, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың, дәстүрлі емес діни ағымдағы 29 жасар жігітке күйуге тиіп кеткенін анықтапты. Дерек бойынша, «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болды", деген айыппен іс қозғалған. Алайда, ол тоқтап қалуы мүмкін. Өйткені, қыздың анасы арызды қайтып алған.
Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
15 жастағы қыздың анасы жасөспірім қызын сот-медициналық сараптамадан, өзге де биологиялық тексерістерден өткізуден түбегейлі бас тартып отыр. Жалпы медициналық тексерістен өткізуге қарсылық танытты. Қызының айтуынша, мен төсек қарым-қатынасында болған жоқпын дейді. Ал ер азаматтың айтуынша, керісінше мен болдым дейді.
Е. Карин