Елордалық оқушылар екінші тоқсанда қашықтан оқуды жалғастырады. Тек бастауыштың кезекші сыныптары ғана жұмысын жалғастыра бермек. Қалалық білім басқармасы осындай ақпарат таратты. Бұған себеп, аймақтың «сары қауіпті аймаққа» енуі,- деді. Бүгінде ел аумағында коронавирусты жұқтырғандар саны азаймай отыр. Өткен тәулікте COVID-19, 640-қа жуық адамнан анықталған. Ең көп жағдай Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында байқалып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, індет басталғалы 1934 науқас қайтыс болды.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 247 адам ем қабылдауда. Олардың арасында 437 бала бар. Жалпы науқастардың 192-сінің хәлі нашар. Оның 20-сының жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 27 емделуші өкпені жасанды желдету аппаратымен таныс алуда.
А. Данияр