Русский Сайттың толық нұсқасы

Банктерге жасалатын кибершабуылдар артып келеді

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2020
  • 1952

Қазақстанда банктерге жасалатын кибершабуылдар көбейген. Мамандар мұны пандемия кезінде карта арқылы жасалатын төлем түрлерінің артуымен байланыстырады. Мәселен өткен жылы екінші деңгейлі банктерге хакерлік шабуылдаудың 50 жағдайы тіркелсе, биыл 130-дан асқан. Сондай-ақ бұның ең қауіпті түрі - "фишинг" шабуыл көбейіпті. Яғни банктің ресми сайтына ұқсас сайт ашып, клиенттердің жеке, құпия мағлұматын ұрлаған. Биыл мыңнан астам осындай жағдай тіркеліп отыр. Бұл туралы Ranking.kz. агенттігі хабарлайды.

Ә. Өмірзақ