Русский Сайттың толық нұсқасы

eGov.kz электронды порталы уақытша істен шықты

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2020
  • 1562

Бүгін eGov.kz сайты уақытша істен шықты. Портал қолданушылары сайттан қажетті ақпараттарды ала-алмағандарын айтып шағымданды. Мұның салдарынан тіпті халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында да қиындық туындаған. Электронды қызметке үйренген жұрт жергілікті орталықтарға жүгінуге мәжбүр болғандарын жеткізді.

БЛИЦ:

- Формула екі алуға келіп едім, электронды ключ бар сонымен eGov-тан ал деді. Ал, портал істеп тұрған жоқ. Ештеңе жоқ.


- 1414-ке хабарлассам неполадки деп айтып жатыр. Қазір істеп тұр бірақ, таңертең біраз кедергі келтірді.


eGov.kz порталының тек сайты ғана істен шыққан көрінеді. Ұлттық ақпараттық технологиялар серіктестігі мамандарының айтуынша, электронды қызметтің мобилді қосымшасы толық-қанды жұмыс істеп тұрған көрінеді. Ал, сайт жұмысы жақын арада қалпына келтірілуі тиіс.

Анар МАҒЗҰМОВА, ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:

Техникалық ақаулықтарға байланысты түске дейін портал қолжетімсіз болды. Бірақ, қызметтерді eGov-мобайл қосымшасы, facebook, VK және telegram әлеуметтік желілері арқылы алуға мүмкіндік бар.

Ғ. Өтемісов