Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесі латын қарпіне көшу мәселесін талқылады

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2017
  • 2837

Жаңа әліпбиге көшу мәселесіне қатысты жыл соңына дейін ортақ шешімге келеміз. Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерден Қажыбек осылай деді. Жаңа нұсқаны құрастырған лингвистер «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесі мүшелерімен кездесті. Оған белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Ерден Қажыбектің айтуынша, келесі айдан бастап көшпелі топ, латын қарпіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, өңірлерді аралайды. Кеңес мүшелері, барлық сын-ескертпелерді елеп-екшеп, халыққа қолайлы, тілдің табиғатына селкеу түсірмейтін ортақ нұсқа әзірлеу қажеттігін айтты. 

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры:

Елбасы ашық айтты. Елмен ақылдаса отырып, керек болса, өзгерістер жасалады. Ыңғайсыздық тудыру немесе тіліміздің табиғатына сәйкес келмейтін дүние жарату емес, керісінше, жеңілдету.