Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің Хромтау ауданында май зауытынан өрт шықты

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2020
  • 2054

Ақтөбе облысында күнбағыс майын шығаратын зауыттан өрт шықты. Өртті сөндіру үшін 30 шақырым қашықтықтан төтенше жағдай мамандары шақыртылған. Сол аралықта жедел 40 жұмысшы зауыт маңынан өздері қашып шыққан. Өйткені жалын шемішке кептіретін газды кешенде тұтанған. Шамамен 100 шаршы метр аумақ өртеніпті.

Нұрхат ҚАЛДЫБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиға орнына жеткенде күнбағыс майына арналған газ кептіргіштің жанғаны анықталды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.

Оқиға орнына әуелі Хромтау аудандық өрт сөндіру қызметі жеткен. Тіпті аудандағы мемлекеттік емес ұйымдардың көмегіне жүгініп, қосымша техникамен бес адам жұмылдырылған. Мұнан соң облыс орталығынан көмекке 6 техника мен 26 құтқарушы жіберіліпті. Қызыл жалын дер кезінде ауыздықталып, зауытың жарылуының алдын алған. "Жазық" стансасындағы бұл зауыт осыдан бір жыл бұрын жұмыс бастаған болатын. Шамамен 90-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Бірақ алып кешенде өртке шашатын шағын құтыдағы көбіктер ғана болған.  

Қазбек ӨТЕСІНОВ, АҚЖАР МАЙ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Шемішкі қазір ылғал келіп жатыр ғой полядан жаңбырдан қардан. Май зауыты болған соң оны кептіру керекпіз. Біз оған сушилка қосамыз. Сол кезде возгорание болған. Сырье дайын жер ғой. Май шығаратын жер бөлек. Жұмысты жалғастырып штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз.

Б. Рақметова