Русский Сайттың толық нұсқасы

Педофилдерге рақымшылық жасалмайды – ІІМ

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2020
  • 1316

Жасөспірімдерге азғындық жасаған педофильдерге жаза тағы да қатаңдатылатын болды. Қаскөйлер бұдан былай темір тордан мерзімінен бұрын шыға алмайды. Мемлекет тарапынан оларға ешқандай рақымшылық болмайды. Керісінше, қатаң режимдегі мекемелерге жабылмақ. Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев, бүгін Мәжіліс отырысында депутаттарға осыны жеткізді. Оның сөзінше, кәмелеттік жасқа толмағандарға сексуалды зорлық көрсетіп, түрмеде жазасын өтеп жатқандардың қазіргі саны 1800-ден асып жығылады. Оның 1300-ге жуығы ғана қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерге жіберілген.

Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Сотталып, мерзімдері белгілі болған қылмыскерлердің жазасын өтейтін мекемелері өзгермейді. Оларды қамауда ұстау тәртібі де өзгеріссіз. Сондай-ақ, бұған дейін соттың шығарған шешімі де сол күйі қалады. Ал кейінгі ұсталған қылмыскерлер жаңа заң бойынша жауапқа тартылады.


А. Мүтәлі