Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедегі автопарк жүргізушілері несиеге автобус дөңгелектерін сатып алған

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2020
  • 3184

Ақтөбедегі автобус жүргізушілері несиеге дөңгелек сатып алып жүр. Өйткені жолаушылар автокөлік кәсіпорыны міндеттепті. Осыған ашынған жүргізушілер бүгін шу шығарды. Айтуларынша 12 сағат жұмысқа төлететін жалақы тым аз, ал қымбатшылық күннен-күнге алқымнан алып жатыр. Тіпті автобустарға бөлшектерді өз қалтасындағы қаражатқа алуға мәжбүр. Ашулы жүргізушілердің жанайқайын тілшіміз Бақыт Рахметова жеткізеді.

Бұл таспаны автобус жүргізушілерінің өздері түсіріп алған. Айтуларынша қоғамдық көліктер әбден тозған. Қыста суық. Қоғамдық көліктер күнде таңғы 6-дан бастап бағытқа шағады. Түңгі онға дейін, ал қыста кешкі 8-ге дейін жүреді. Алайда жүргізушілерге төленетін жалақы мардымсыз деді.

Амантай ЖАҚАЕВ, АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ:

Бізде условие жоқ. Запчасти бермейді. Қалғанын керек затты сатып аламыз. Айлықты көтерсін. Біз план тапсырамыз. Запчасти берсін. Жұмысқа шығармай тастады. Себебін білмейміз.

Амандық ЖАЛТЫРОВ, АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ:

Автобөлшек сұрасаң дүкенге бар да ал дейді. Алмайсың ба онда автобусты базаға қой дейді. Амал жоқ аламыз. Мен кредитке 6 дөңгелек алдым. Қайтемін енді. 11 күн жұмыс істедім. Тапқаным 24 мың. Отбасын асырауға жете ме? Жетпейді.


Оған қоса күнделікті тапсыратын жоспарымыз тым жоғары деп отыр. Әр бағыттағы әрбір жүргізуші күніне 16-18 мың көлемінде жоспар тапсыруы тиіс. Бірақ қазір адам аз, оқушылар мектепке бармайды, студенттер де жоқ болғандықтан жолаушылар да аз дейді.  

Ерғали САРҚҰЛОВ, АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ:

План сұрайды. План бұрында карантин алдында беріп тұрдық. Карантинде базар жабылды. Мерей, Шығыс барлығы. Жоқ адамнан, біз қайдан табамыз.

Бірнеше күннен бері, план тапсыра алмаған жүргізушілерді, кәсіпорын басшысы жұмыстан шеттете бастапты. Бірақ мекеме өкілдері мұны жоққа шығарды. Әрбір жүргізуші атқарған жұмысына сай айлық алады деді.  

Тұрсынбек ҚУАНЫШОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ "ЖОЛАУШЫЛАР АВТОКӨЛІК КӘСІПОРНЫ" ЖШС ЗАҢГЕРІ:

Айлықтары 65-70 мың, қазір. Бұлар тағы да он мыңнан план тапсырып план тапсырмай тұр. Маршрутқа шыға алмай отырғаны сол. Қосалқы бөлшекті мемлекеттік мекеме болған соң через мемлекеттік тендер арқылы сатып аламыз. Бүкіл запчастіні. Бұл кісілерге айтамыз машиналарын бұзылса стоянкаға әкеліп қойыңыз дейміз. Бұл кісілер заинтересован болғаннан кейін өз қалтасынан салып шығарады. Сол ақшаны бізден өндіргісі келеді.

Қала әкімдігіндегілер болса, қандай да бір ақпарат беруге асығар емес. Серіктестің ішкі мәселесіне араласпаймыз деп қысқа қайырды. Амалы таусылған автобус жүргізушілер бүгін еңбек инспекциясына шағым түсірді. Сондай-ақ прокуратураға арызданып, мекемені арнайы комиссияның тексеруін талап етіп отыр.
 
Б. Рахметова