Русский Сайттың толық нұсқасы

Өкпеге жасанды жел беретін 1,5 мың бюджеттік аппарат сапасына қатысты дау туды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2020
  • 1917

Елдегі ауруханалар, өкпеге жасанды жел беретін бюджеттік аппараттарды қабылдамай жатыр. Өйткені, мемлекет қаржысына алынған 1,5 мың құрылғының жартысы жарамсыз көрінеді. Мұны, Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев айтып отыр. "Бұл олқылық, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен кеткен", деді сенатор өз сөзінде.

Нұрлан ҚЫЛЫШБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:


Мысалға, Жамбыл облысында берілген 53 аппараттың біреуін пайдалануға болмайды. Түркістан облысында да дәл осындай жағдай. 58 аппарат жарамсыз күйде.


Алайда, Индустрия және инфроқұрылымдық даму вице-министрі депутаттың сөзін жоққа шығарды. Тіпті ол, бұл ақпаратты фейк деп атады. Оның айтуынша, сатып алынған құрылығылар толық жұмыс істейді. Сөзіне сенімді шенеунік, сенатордың сөзі расталса отставкаға кетемін, деп уәде берді.

Талғат ЖАНЖҮМЕНОВ,  ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мен Сенат отырысында болған жоқпын. Сізде ескірген ақпарат болуы мүмкін. Бізде бұл құрылғыларды тасымалдаған 10 топ болды. Олар бір уақытта 297 ауруханаға құрылғы жеткізді.  Барлығы жұмыс істеп тұр деп, толық сеніммен айта аламын.

Ғ. Өтемісов