Жамбылдықтарда таза ауаға зәру. Қаладағы кәріз құбырларымен ағып келетін, шайынды су - еш сүзгісіз, жерге сіңіп жатыр. Мамандар экологияға орасан зиян келіп жатқанын мойындайды. Ал, жергілікті билік мәселені 20 жылдан бері шеше алар емес. Осы өңірдегі әріптесім Берік Жұмабайұлы тақырыпты тарқатады.
Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Облыс орталығындағы кәріз жүйелерінен шығатын шайынды суды, тараздықтар әлі күнге дейін ескі тәсілмен тазалап келеді. Яғни, алты метр тереңдікке қазылған мына секілді алаңдарға шаһардағы шайынды су келіп құйылады. Ол жылдар бойы тұндырылып, құмға сіңіп, бу болып ауаға тарайды. Ал, жақын маңдағы елді-мекен тұрғындары қолқаны қабатын қолаңсыз иістен әбден шаршаған.
БЛИЦ:
- Бізде таза ауа деген жоқ мынау Шайқорық, Қостөбе дегендерге. Кешке қарай күндіз болсын терезені ашалмаймыз сасық су иісі келеді. Малдарымызда сол судан ішеді ма, жазды күні көп ауыратын болды қазір. Қан сиеді де бір күнде топ етіп өліп қалады.
- Үйде ойнаймыз кейбір кезде далаға шығамыз бірақ сасық иістен бір 15 минут ойнаймызда кіріп кетеміз қайтадан.
- 82 жылдар су кетіп қалып осы отстойниктің содан талай ел зардап шеккен, малдары шығын болып. Оны Үкімет басындағыларда біледі. Одан кейін де жөндеп береміз деген өйтеміз-сөйтеміз деп. Содан кейін жөнделмеді ғой бұл әңгіме қалды.
Тараздан 10 шақырым жердегі мына сүзгі алаңы, 1964 жылдан бері қолданыста. Алғашында жуынды 14 гектар аумаққа құйылатын. Ал бүгінде 206 гектар жерге жайылған. Өткен ғасырдың бел ортасында салынған сүзгі алаңы да ескірген. Тоқтаусыз келіп тұрартын шайынды, бөгендері кез келген уақытта бұзы, елді-мекендерді шайып кету қаупі бар. Мамандар осыны талай айтып, дабыл қаққан.
Әжмұқан БӨЛТІРІКОВ, «ТАРАЗ СУ» КММ ӨНДІРІСТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қаладан барып жатқан ағынды судың көлемі 56-60 мың текше метр, сөткесіне ағып жатыр. Ал мынау айтып жатқан поля филтрация дейміз, жаңағы сүзгі алқаптары бар болғаны 43 мың текше метр сөткеге есептелінген. Бөлген карталарымызға су сыймай кетсе ол мынадан тасып кетуі әбден мүмкін. Бұл мәселенің қозғалғанынан жиырма жылдан асып кетті. Комплексный тазарту кешенін салғанға 15 млрд ақша керек екен.
Мәселе жылдан-жылға қауіпті күшейтіп келеді. Шаһардың тұрғындары да көбейген. Оның үстіне көктем мен күзде жауын суы қосылып, қаладан келетін су тәулігіне 100 мың текше метрге дейін жетеді екен. Сүзгі алаңына жинағна қалдық жер асты арқылы жақын маңдағы Аса өзеніне құйылып жатыр.
Аслан ОРАЗБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Зияны экологияға орасан зор. Өйткені қаладан шыққан шайынды сулардың барлығы ешқандай фильтрациясыз, ешқандай тазалаусыз құр жерге сіңіп жатыр. Ол жерден осы 15 жылдай болған шайынды сулардың қалдықтары ол жердің және айналасындағы ауылдардың жер асты суларын бұлғайды. Оның үстіне жаман иісі бар.
Мәселені атқамінерлер шеше алар емес. Тіпті қауқарсыз. Айтуларынша «шайынды суды биологиялық толық тазартатын кешен» жобасы, он рет жасалып, он мәрте аяқсыз қалған.
Сандуғаш ОРАЗКҮЛОВА, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Бұл жерде ең үлкен мәселе ақша бөліну жағы болып тұр ғой. ЖКХ бөлімі тарапынан облыс әкімдігіне нысанды қолға алып, жұмысты атқару мақсатында үлкен көлемді қаржыны сұрау негізінде ұсыныс берген болатынбыз.
Аймақ басшылары мәселені 20 жылдан бері шеше алмай келеді. Осы уақыт ішінде өңірге қанша әкім келіп- кетті. Бірақ біреуі де жең түріп кіріспегені ме? Ал қазір аймақты басқарып отырған Бердібек Сапарбаев сұқбат алу мүмкін болмады. Баспасөз хатшысы арнайы хатпен жолдауды талап етіп, маңына жолатпады.
Б. Жұмабайұлы