Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО полициясы елді дүрліктірген елесті таба алмады

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2020
  • 1317

Елді дүрліктірген елесті Батыс Қазақстандық полицейлер таба алмады. Сөйтіп, тәртіп сақшылары "Әлеуметтік желіде тараған видео Ресейде түсірілген. Ал, ауыл тұрғындары ешқандай елес көрмеді", деген тоқтамға келді. Яғни, Қаратөбе ауданында жын-пері жоқ. "Осымен бұл тақырып жабық", деді облыстық полицияның ресми өкілі.

Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін барлығы тексерілді, сұрастырылды. Қазіргі уақытта енді осы бейнежазбаны таратқан адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті халыққа алып қашпа әңгімеге ермеуге шақырамын, паникаға берілмеуге. Бұл халықтың арасында жүрген жай сыбыс. Бұл тақырыпты осымен жапқанымыз дұрыс деп ойлаймын. Тексеріс аяқталды.

Естеріңізге сала кетейін. Өткен аптада, "Қаратөбе ауданы жолында әжей мен сары қыз елесі елді шошытып жүр", деген қауесет тараған. Бұл ақпараттың елді дүрліктірген сол, іске аймақ басшысы Ғали Есқалиев араласып, Ханкөлге полиция тобын жіберген. Олар ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақыры елес - әлде біреулердің бос қиялы болып шықты.

Е. Карин