Русский Сайттың толық нұсқасы

Атауын өзгерткен екі партия ресми тіркеуден өтті

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2020
  • 2509

Бүгін орталық сайлау комиссиясында атауы өзгерген екі партияны қайта тіркелді. Олардың біреуі, кезіндегі "Бірлік" партиясы. Өңірлік өкілдігі болмағандықтан бұл саяси ұйым Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Мәслихат сайлауынан түсіп қала жаздаған еді. Енді, барлық филиалы бар "Adal" саяси партиясы саяси науқанға толқы қанды қатысатын болып отыр. Әділет министрінің орынбасары Азамат Әмірғалиевтің айтуынша, бүгін сондай ақ тағы бір партия атауын өзгертіп қайта тіркеліп отыр. "Қазақстан коммунистік халық партиясы" бұдан былай жәй ғана "Қазақстан Халық партиясы" деп аталады. Осылайша алдағы Мәжіліс және Мәслихат сайлауына алты партия қатысатын болды.

Азамат ӘМІРҒАЛИЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ҚР Азаматтық кодексінің 42-бабына сәйкес, атауын өзгерткен кезде мемлекеттік тіркеуден қайтадан өтуі қажет. Олардың филиалдары да қайта тіркелуі тиіс. Екі партия тіркеуден толықтай өтті.


Ә. Өмірзақ