Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүлдіршінді талап тастаған иттің иесі, бар болғаны 30 мың теңге айыппұлмен құтылмақ

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2020
  • 2984

Атырауда екі жастағы баланы ит талап тастады. Оқиға қала сыртындағы Жұлдыз–2 ықшам ауданында болған. Баланы аш иттің аузынан анасы құтқарып қалды. Ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізілді. Сорақысы сол қабаған иттің иесі айыппұлмен құттылмақ.

Үйінің қасында ойнап жүрген екі балаға қайдан келгені белгісіз ит шабуылдаған. Ол ең кішісінің басынан тістеп сүйреп әкеткен. Жерге аунатып, талаған. Мұны байқаған анасы араша болуға әрекеттенгенімен, ит үрікпепті. Қолына түскен балғаны лақтырғанда ғана, баланы босатқан. Қансыраған бүлдіршінде дереу ауруханаға жеткізіпті.  

Жақсылық МАҒЗОМОВ, ДӘРІГЕР-ТРАВМАТОЛОГ:

Ит қапқан жері көлемі үлкен. Желкесінде, төбесінде, самайында көптеген ашық жарақаттар көп. Басының сүйегіне дейін жеткен. Бірақ сүйегі сау. Хирургиялық өңдеу жасалып, жарақатын бір-біріне келтіріп, орнына тігілді. Баланың жағдайы қазір орта дәрежеде.


Бөбектің денсаулығын ақ халаттылар әлі бір аптадай бақылауда ұстаймыз,- деп отыр. Сәбиінің аман қалғанына шүкіршілік еткен, анасы болған жайтты ұмыта алар емес. Сәл болмағанда аш иттің азығына айналар ма еді дейді.   

СӘБИДІҢ АНАСЫ:

Иттің иесімен мамам сөйлескенде айтып отыр: Аш ит. 10 күн, 7 күн тамақ берілмеген ит.  Аш болғасын, босап, қоршаудың астын қазып, өзіне азық іздеуге шығып кеткен ит. Алдынан менің балам атып шыққан. Басынан тістеп, терісін бәрін жыртып, басынан сүйреген молаға қарай.


Қанды оқиға сәрсенбі күні болған. Қабаған ит қала сыртындағы базадан ұсталыпты. Полиция оның 35 жастағы қожайынына қатысты әкімшілік іс қозғады.  

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Оқиға бойынша иттің иесіне қатысты ӘҚБ туралы Кодексінің 408 бабы 2 бөлігімен, яғни  иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бұзу  фактісі бойынша  әкімшілік хаттама толтырылды.

Сорақысы да сол асыл тұқымды итті ұстаған тұрғын, 30 мың теңге айыппұлмен ғана құтылмақ. Оның басқаларға қауіп төндірмейтініне ешкім кепіл бола алмайды. Айта кетейін, жыл басталғалы облыста 909 адамды ит қапқан.

Б. Надирқызы