«Бақытты
жұлдыздың астында». Бүгін осындай атаумен Астанада балалар мен жастар
арасындағы 12-ші халықаралық медиафестивалі бастау алды. Бұқаралық ақпарат
құралдары кеңістігіне болашақ мамандарға жол ашуға бағытталған шараға «Нұр
Отан» партиясы қолдау танытқан.
Фестивальге 100-ге тарта қатысушы келген. Басым
бөлігі, әрине, тілші, оператор, режиссер болуды армандайтын оқушылар. Олар
алдағы 3 күнде танымал медиа өкілдердің дәрісін тыңдап, өзара пікір алмасып,
«Юнкор-2016», «Ең үздік медиа орталық», «Мәңгілік ел - ұлттық идеясы» сынды
байқауларға қатысады. Үздік танылған 15 қатысушы Еуразия ұлттық университетінінің
журналистика факультетіне оқуға шақырту алмақ.
Александр
Пятков, «Жұлдыз» жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің вице-президенті:
«Жұлдыз» жасөспірімдер ұйымының 30 жылдық
тәжірибесі бар. Осы жерден кезінде көптеген медиа тұлғалар дәріс алды.
Мақсатымыз - журналистика саласына білікті жастарды тарту әрі оларға жол ашу.
Былтыр 8 оқушы ЖОО жолдама алды. Биыл енді бұл санды арттырып отырмыз.
Құралай ПИОНЕР