Русский Сайттың толық нұсқасы

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен үйді жөндеусіз қалдырған

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2020
  • 3397

Арыстағы жарылыстың дауы әлі бітер емес. Өткен жылдың маусым айындағы апатта үйіне зақым келген тұрғынға ешқандай көмек көрсетілмеген. Қоңырау шалған көрерменнің айтуынша, баспаның фундаменті мен қабырғасы жарылып, қауіпті жағдайда тұр. Ал, проблемадан әкімдік хабардар болғанымен, тиісті жұмыс жүргізбепті. Ал, отбасының, көрінген үйді паналап жүргеніне екі жылға жуықтады.

Гүлзада ХАЛМҰРАТОВА, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Екі жыл болды, мен әкімге барып жатқаныма. Екі жылдан бері ешқандай нәтиже шықпай жатыр ғой. Астанадан келген эксперттің қағазы тұр, сметасына да 8 миллион теңге деп шығарып қойған. Бала-шағаммен әркімнің үйінде қаңғып, ананың үйіне барамын, мынаның үйіне барамын. Әні-міне болады деп шығарып салады, жағдайым өте мүшкіл. Далада қалдық, үйге кіре алмаймыз.

Осы мәселе бойынша Түркістан облысының атқамінерлеріне хабарластық. Бізбен тікелей байланысқа Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ербол Ақтаев шығу керек болған. Бірақ ол кісі телефонға жауап бермеді. Қазір желіде Арыс қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Темірхан Сатыбалды бар екен. Қайырлы кеш, Темірхан Бердібайұлы! Жарылыстың болғанына міне, екінші жыл кетіп жатыр. Президент тапсырма берді, облыс әкімі халықтың барлығына көмек беріледі, деді. Неге бұл үй назардан тыс қалды? Комиссия мүшелері де жөнделуі тиіс нысандардың қатарына қосқан екен.

Темірхан САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Саламатсыз ба? Қайырлы кеш! 2019 жылдағы Төтенше жағдайға байланысты тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша республикалық бюджеттен Арыс қаласының төңірегінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ал, Арыс қаласына жақын орналасқан елді-мекендерде ішінара зардап шеккен үйлер болды. Ол үйлерге облыстық бюджеттің есебінен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Бұл үйдің мәселесі қашан шешіледі? Неге назардан тыс қалды? Арыстың ішінде тұрған үй ғой. Барлық үйлермен қатар бірдей зардап шеккен. Құлаудың алдында тұр өте қауіпті. 

Темірхан САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл аталған үй Арыс қаласының ішінде емес, Арыс қаласына жақын орналасқан елді-мекен. Ол үйді былтыр комиссия жүрген кезде бұл үйдің құжаттары түгел болмаған.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге ақша бар ма бюджетте? Қаражат жағы шешілген бе?

Темірхан САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда бұл үйге жобалық сметалық құжаттар түзіліп, дайындалып облыстық бюджеттен қаражат сұралды. Қаражат бөлінген жағдайда, толық жұмыстар қалпына келтіріледі. Қазіргі таңда құжаттары дайын болып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Биылғы жылдың қазан айында, яғни бір жарым жылдан соң шешім шығарыпсыздар. Енді айтыңызшы, үйді сүріп жаңасын саласыздар ма, әлде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле ме?

Темірхан САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мүмкіндігінше жаңа үй салуға тырысамыз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы, түсінікті! Шағымданып отырған тұрғынның мәселесін қашан шешіп бересіздер? Үйдің қабырғасы ашық, қауіпті болған соң әркімнің үйінде жүрміз дейді. Ең болмаса пәтер жалдап беруге қолғабыс жасай аласыздар ма?

 
Темірхан САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Біз ауыл әкімі, ол кісілерге жалдамалы тұрғын үй ретінде пәтер жалдап беруді айтқанбыз. Үй біткенше жалдауға тұрғын үйдің иесі қабылдамады.  


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Мүмкін ол берген үйлеріңіз тұруға жарамсыз шығар. Осы жағына бір қарастырып, көмектессеңіздер. Мүмкін емес олардың бас тартуы.


Темірхан САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРЫС ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Ол үйдің иесі бас  тартты уақытша тұруға.  Барынша қолдан келген көмегімізді аямаймыз тұрғындардан.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Сөзіңізге сенейік. Арна тілшілері мәселе шешілгенше Гүлзада Халмұратовамен байланыста болады. Қаржыны ертерек қарастырып, баспананы сапалы әрі жылдам салып бересіздер деп ойлаймыз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған өзекті проблема болса экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

А. Данияр