Зейнетақы қорында жатқан ақшаның қаншасын кім алады? Бұл мәселе бүгін Парламент қабырғасында тағы көтерілді. Мәжіліс, Сенаттан қайтып келген заңдағы міндетті төлемдер кодексін қайта қарады. Жоғарғы палата 46 түзету енгізген құжатты мәжілісмендер қос-қолдап қолдады. Сөйтіп, зейнетақы қорынан ақшасын алатындар бір реттік төлем пайызын 16 жылда қайтаратын болды.
Жыр болған зейнетақы қоры. Президент қаулы қабылдағалы, әлі күнге түзету енгізіп әлекпіз. Сүйіншілегеніміз сол еді, бір реттік төлем шықты алдымыздан. Халық қамын ойлаған депутаттар бұл мәселені біраз уақыт қарады. "Елге салмақ салмайық", деп қос палата салық мерзімін ұзақ ойлады. Ақыры, қордан алынған қаржының бір реттік төлем-пайызын 16 жылға ұзартты.
Сергей СИМОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Сенат енгізген түзетілер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді және мазмұнын нашарлатпайды. Сондықтан өзгертулер мен түзетулерді мақұлдауларыңызды сұраймын.
Екі айдан кейін қолданысқа енетін жүйенің өзі, әлі бірізге түспеді. Парламентте талқыланып жатыр. Мәжіліс Сенатқа жолдағаны сол еді, піспеген деп, өзгертулермен кері қайтарды. Бүгінгі оқылымда мақұлданған заң жобасы халықтың қытығына тиді. Себебі, бұл тек қалталыларға арналған жоба десті, көпшілік.
БЛИЦ:
- Қарапайым халық үндемей жүре береді. Ақшасы барлар алып алады мұны. Ал бізде ондай мүмкіндік жоқ.
- Үйі жоқ, ауыратын адамдарға беру керек ғой негізі.
Заңның болғаны жақсы ғой, бірақ көпшіліктің оған қол жетпейді. Сол қынжылтады.
Мұндай жаңашылдыққа экономистер қарсы. Бұдан халық ұтылады, дейді олар. Тек ол емес, елдің инвестициялық климаты да нашарлайтын көрінеді.
Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:
Қордан ақша лауды бастасақ, биліктегілер көбірек алу жолын да қарастырып кетуі мүмкін. Инвестициялық қор болғандықтан бұл ақшаға тимеу керек деп есептеймін. Мұны олигархтар өз қалталарына баспақшы.
Экономист қордан шығатын қаражаттың мардымсыз екенін алға тартады. Ресми дерекке сәйкес қазір бірыңғай жинақтаушы қорында 10 миллион 517 мың салымшы бар. Көбінің жиған-тергені 1 миллион теңгеге жетер-жетпес.
Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:
Қордағы қаражатқа қатысты тұжырым жан-жаққа ал, сарапшылар пікірі сан-саққа шашырап жатыр. Әр қайсысы өзінікін жөн санайды. Бір анығы, қаржысын алақанына сала алатын ағайын саны 700 мыңға жетер-жетпес. Қалғанымыз қайда қалдық?
Ғ.Өтемісов