Елімізде, цифрлық валюта пайда болуы мүмкін. Бұл мәселені Ұлттық банк зерттей бастады. Бас банк келтірген деректерге сенсек, «Central bank digital currency» яғни орталық банктің цифрлы валютасы - көптеген елдерде тиімділігін көрсеткен. Осы күнде, төлем жүйелерін цифрландыру орталық банктердің бас ауруына айналған. Сондықтан әлемде 28 елдің банкі, жаңа жүйені енгізуді кәдімгідей ойластыра бастапты. Олардың қатарына Қазақстан да қосылып отыр. Электронды ақша әмбебап. "Ол, ғаламторға тәуелді емес. Яғни интернеті жоқ ауылды жерлерде де онымен есеп айырысуға болады", деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ:
Қазір әртүрлі технологиялық инфрақұрылым мен реттеу тәсілдері ескерілетін ҚР цифрлық валютаны енгізудің әртүрлі сценарийіне арналған баяндама әзірленіп жатыр. Ол 2021 жылдың екінші жартысында жарияланады. Бұдан кейін құжат мүдделі мемлекеттік органдармен, халықаралық қаржы ұйымдары, нарық қатысушылары және сарапшылармен талқыға түсіп, содан кейін ҚР орталық банктің цифрлық валютасын кезең-кезеңімен енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылады.
Ә. Өмірзақ