Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасында қоғамның сұранысы басты назарға алынған

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2020
  • 1773

«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасын әзірлеу кезінде 70 фокус-топ өткізілді. Бұл жайында партия хатшысы Арман Қырықбаев айтты. Жиында Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес саяси науқанның бағдарламасын тағы бір пысықтады. Жалпы, Мәжіліс сайлауына арналған құжатта қоғамның сұранысы басты назарға алыныпты. Бұл ретте бағдарлама, Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген міндеттеріне негізделген. Кездесуге қатысушылардың айтуынша, «Nur Otan» партиясының бағдарламасы пандемиядан туындаған күрделі экономикалық ахуалға қарамастан ауқымды бола түскен. Сонымен бірге «Nur Otan-ның» республикалық партияішілік праймеризін де жоғары бағалады.

Максим КАЗНАЧЕЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Праймериз партияның жүйелі жаңаруға дайын екенін дәлелдеді. Бұл бағдарлама партияның дағдарыс жағдайына ден қоя отырып, уақытпен қатар қадам басып келе жатқанын көрсетеді. Партияішілік іріктеу барысында белсенді тұлғаларды анықтауға мүмкіндік туды. Өңірлердегі пікірталастарда бағдарламалардың қызу талқылануы қорытынды құжатта нақты проблемалардың ескерілетінін білдіреді.


Белла ГАЗДИЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Праймериздің арқасында бізде тек қана үміт емес, сенімділік пайда болды. Себебі, Парламент жаңа тұлғалармен толығады. Олардың арасында жастар мен әйелдер бар. Партияның сайлауалды бағдарламасында азаматтардың бүгінгі күндегі өзекті ұсыныстары мен талап-тілектері ескерілген.

Жиында қатысушылар өздерінің бірқатар ұсыныстарын алға тартты. Партия Хатшысы аталған мәселенің барлығы қаралып, ескерілетін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» әр өңір, қала және аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарлама жобаларын әзірледі.

А. Данияр