Русский Сайттың толық нұсқасы

Сақтау мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек саудаға шығуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2020
  • 2559

Дәрі-дәрмектің сақтау мерзімін мұқият оқып шығыңыздар. Өйткені, ішкі нарықта уақыты өтіп кеткен дәрілер сатылып жатуы мүмкін.Осындай мерзімі өтіп кеткен, тауар Сарығаш ауданынан анықталды. Ресейден Өзбекстанға контрабандалық жолмен өтіп бара жатқан көлікті түркістандық тәртіп сақшылары тоқтатқан. Облыстық полиция департаментінің айтуынша, дәрінің белгілі бір бөлігі Түркістан облысына арналған көрінеді. Жүк көлігінен, жиыны 34 млн теңгенің 250-ден астам дәрі-дәрмек қорабы табылды. Олардың ішінде, бисептол, кетонал, глицин, попадол сияқты қол жетімді дәрілер де бар.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл жүктің қожайыны Өзбекстан Республикасының азаматы, және де дәрі-дәрмектер Ресей Федерациясынан Өзбекстанға алып бара жатқан. Дәрі-дәрмектердің пайдалану уақыты да өтіп кеткені белгілі болды.

А. Төребекқызы