Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысына бас санитарлық дәрігер шақ келер емес

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2020
  • 1827

Атырау облысында пандемия басталғалы бас санитарлық дәрігер 7 рет ауысқан. Осы қызметке тамыз айында ғана келген Асылбек Шаров өз еркімен бүгін жұмыстан кетті. Қайтадан Маңғыстау облысына оралды. Оның орнына Амантай Жұмағалиев келді. Жаңа басшы облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының міндетін атқарушы лауазымын қатар алып жүрмек. Қызметкерлерін ауыстырудан шаршамайтын Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, аймаққа бас санитарлық дәрігер неге тұрақтамай кеткенін былай түсідірді.

Ержан БАЙТАНАЕВ, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

"Атырау облысында бас санитарлық дәрігерлердің ауыса беруі неге?" деген сұраққа, өздеріңіз білесіздер пандемия уақыты басталғалы көптеген қызметкерлер қиын жағдайда жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар, кейбіреулері жұмыстың көбейгендігіне байланысты өз еріктерімен жұмыстан кетіп жатыр.

Ел ішіндегі эпидемиолгиялық жағдайға тоқталсақ. Қазақстанда індет жұқтыру көрсеткіші әлі де тұрақсыз. Тәулігіне 800-ге жуық науқастан кесел анықталып отыр. Жалпы республика төңірегінде 127 мыңнан астам адам COVID-19-ға шалдыққан, оның 115 мыңға жуығы жазылып шыққан. Өкінішке қарай, 2001 науқас қайтыс болды. Айта кетейін дерт балалар арасында да етек жайып келеді. 2-тоқсан басталғалы Нұр-Сұлтан қаласының өзінде 6 мектеп карантинге жабылды.

А. Данияр