Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарылыстан зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2020
  • 1760

Елордадағы дәмханада болған газ баллоны жарылысынан зардап шеккендер көбейді. Төтенше жағдай салдарынан тағы бір адам көз жұмды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 24 жастағы марқұм түскі ас ішуге келген екен. Ауруханада әлі 22 адам ем қабылдап жатыр. Оның екеуі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың жағдайы аса ауыр деп бағалады.

Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Өте ауыр жағдайда болған науқас реанимацияда 23 қараша күні түнгі уақытта қаза болды. Бастапқыда пациент қолайсыз болжаммен ауруханаға түсті. Науқас бас-сүйек миының ауыр жарақатымен түсті. Алайда жүргізілген барлық ем-шараларға қарамастан науқасты аман сақтап қалу мүмкін болмады.


Еске сала кетейін, 21-қарашада қоғамдық тамақ ішетін орында газ баллоны жарылып, 34 адам зардап шеккен еді. Құзырлы органдардың дерегінше, жарақат алғандардың басым бөлігі дәмхана қызметкерлері. Ыдыс жуатын 52 жастағы жұмысшысы оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

А. Данияр