Қостанайдағы орталық базар сатушылары таразыдағы тауар салмағын астыртын арттырып, тұтынушыларды алдаған. Жергілікті полицейлер желіде тараған видеоның желісімен рейд жүргізіп, осындай мәлімдеме жасады.
Әуелі бұл видео мессенджерлер арқылы кең тарап, елді елең етті. Кейін әлеуметтік желілерге жүктелді. Бейнекөріністе бейтаныс жігіт саудагерлердің жасырын салмақ қосатын құйтырқы тәсілін жайып салған. Қалың жұрт қай базар екенін білмей дал болды. Түрлі болжамдар айтылды. Ақыры тәртіп сақшылары бірнеше сауда орындарын аралап әлгі таразыны тапты. Бұл Қостанайдағы "орталық базар" болып шықты.
Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
«WhatsApp» желісінде жарияланған оқиға өкінішке қарай Қостанай қаласында болып шықты. Нақты Қостанай қаласындағы орталық базарда. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 190 бабына сәйкес, яғни тұтынушыны алдау. Осы заңға сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.
З. Санай