Русский Сайттың толық нұсқасы

Полицияға сес көрсеткен бұрынғы депутат жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2020
  • 2079

Братишка, кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе? Павлодар облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты тәртіп сақшыларына осылай сес көрсетті.

Бұл видеоны облыстық полиция департаментінің өзі таратты. Тәртіп сақшысының "жеті атасын" түгендеген экс-депутат осы күнде белді бизнесмен көрінеді. Бірақ, "тергеу құпиялығына байланысты", деген желеумен полиция оның аты-жөнін ашып айтады. Келтірілген деректерге қарағанда, көлік блок-бекетте тоқтатылған. Жүргізушінің қалаға кіріп-шығатын құжаттары түгел көрінеді. "Қауіпсіздік белдігін тағыңыз", деген полиция ескертуі бұрынғы депутатқа жақпаған екен. Ол, дөрекілік танытып, блок-бекеттен өтіп кетпек болған.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Аталған факті бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Тергеу аяқталғанша уақытша ұстау абақтысына қамауда болды. Артынан сот шешіміне сәйкес оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ө.Қуанар